Сулейман Демирель атындағы университетке «Қаржы орталығы» АҚ-ның әлеуметтік жобалар мониторингі департаменті директорының орынбасары Ақзира Серікқали келіп, білімгерлермен кездесті.
Кездесуде студенттер мен магистранттарға:
- Мемлекеттік грант бойынша еңбек өтемінің шарттары;
- Қай мекемелерде жұмыс атқарса өтем қабылданатыны;
- Қай санаттағы түлектер заңға сәйкес еңбек өтемінен босатылатыны;
- Өтемді жасамаған жағдайда қандай салдары болатыны;
- Ол қалай есептелетіні;
- «Ауыл квотасын» өтеу шарттары және т.б. мәселелер бойынша ақпарат берілді.
Ақзира Серікқалиқызы жоғары курс студенттеріне ҚР «Білім» туралы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары туралы айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Жыл сайын елімізде көптеген студент университетте білім алып шығады. Сіздерден сұралатын өтініш – 1 қыркүйекке дейін жұмыс орнына келулеріңіз керек немесе 30 қыркүйекке дейін магистратураға түскендеріңіз туралы ақпарат берулеріңіз керек. Бүгінгі кездесуге сіздерге өз құқықтарыңызды түсіндіру үшін, грантты өтеудің шарттары туралы ақпарат беру үшін келдім», – деді «Қаржы орталығы» департаментінің маманы.