2022 жылдың 2 желтоқсанында Сулейман Демирель атындағы университетте сағат 10.00-де ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Қанашқызы Ахметжанованың туғанына 75 жыл толуына арналған «Заманауи лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Тұлға концепциясы және профессор З.Қ. Ахметжанова.
- Мәдениетаралық коммуникация және ұлттық концептосфера.
- Салғастырмалы тіл білімі мәселелері.
- Антропоөзектік парадигмадағы лингвистика.
- Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі.
Конференцияны ұйымдастырушылары: Сулейман Демирель атындағы университеттің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Тілдік білім беру кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Қазақ тіл білімі кафедрасы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.
Мақаланың электронды нұсқасы 2022 жылдың 23 қарашасына дейін conference.7522@gmail.com электронды поштасына қабылданады. Конференцияға қатысу жарнасы – 2000 тг. Төлем https://sdu.edu.kz/epay/ арқылы жасалады.
Мақалалар қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Конференция материалдары электронды жинақ ретінде жарыққа шығады және үздік мақалалар Сулейман Демирель атындағы университеттің ғылыми журналына, СДУ Хабаршысына, жарияланады.
Мақалаға қойылатын талаптар:
- Қазақ, түрік, орыс, ағылшын тіліндегі мақаланың электронды нұсқасы 10 беттен аспауы керек.
- Мәтін Times New Roman қарпімен терілуі қажет, 14 шрифт; жол аралығы – 1; жан-жағынан 20 мм қалдырылуы керек.
- Сілтеме жасалатын еңбектер мақаладағы реті бойынша тік жақша ішінде, араб цифрларымен көрсетіледі.
- Кестенің атауы төмен жағына жазылады.
- Мақалаға конференцияға қатысушының өтінімі тіркелуі керек. Онда автордың аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі мен атағы толық көрсетілуі керек.
Мақалаға:
- үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) 150 сөзден аспайтын аңдатпа;
- мақаланың мазмұнына сәйкес үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) арасы нүктелі үтірмен ажыратылған тірек сөздер (5-6 сөз не сөз тіркесі) берілуі керек;
- мақаланың соңында пайдаланылған еңбектердің тізімі стандартқа сай (ГОСТ 7.1-2003) рәсімделеді.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы 040900, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1, Сулейман Демирель атындағы университет ғимараты, Red Hall.
СДУ-дан жауаптылар: Жолшаева Майра, байланыс тел.: +7 (747) 110-42-92; Нұрманова Гүлжайна +7 (775) 811-69-99.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Жұбаева Орынай, байланыс тел.: +7 (707) 398-3545; Игілікова Сымбат, байланыс тел.: +7 (775) 606-32-32.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан Маралбек Ермұхамет, байланыс тел.: +7 (702) 351-33-53.
Конференцияға қатысушының өтінімі
1 | Аты-жөні |
|
2 | Мемлекет, қала |
|
3 | Жұмыс орны, қызметі |
|
4 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
5 | Ұялы телефоны |
|
6 | Электронды пошта (е-mail) |
|
7 | Баяндама (мақаланың) тақырыбы |
|
8 | Секция атауы |
|