Бүгін Сулейман Демирель университетінде «Meiyrim baqshasy» қайырымдылық шарасы өтті. Шараны СДУ «Vision club» студенттер клубының ұйымдастырды. Онда түрлі дәмді тағамдар, тәттілер, әшекей бұйымдар және қолдан жасалған заттар сатылымға қойылды. Сондай-ақ үлкен «Meiyrim baqshasy» торты аукционға қойылып, 1 млн 200 мың теңгеге сатылды. Сатылымнан жиналған барлық қаражат толықтай қайырымдылыққа жұмсалады.
