Сулейман Демирель университетінің басшылығы Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Юзеф Тымановскимен кездесті. СДУ проректоры Али Кочак, Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсупов, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев Бас консулмен екі мекеме арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас, білім саласы бойынша байланыс мәселелерін талқылады. Қос тарап екі ел арасында жоғары білім саласы бойынша байланыс орната отырып, халықаралық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.
Бас консул Юзеф Тымановски жақында СДУ-да өткен Culture Day шарасына қатысып, университет қызметімен, білім бағдарламаларымен танысты. Оқу орнына келгендегі кездесуде университетпен байланыс орнатуға, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.