1 қараша күні Сулейман Демирель атындағы университетке Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж қонаққа келді. Шетелдік қонақ университет студенттерімен және қызметкерлерімен кездесіп, тәжірибесімен бөлісті, сұрақтарына жауап берді.
СДУ Халықаралық қатынастар және дипломатия бағдарламасының студенттеріне арнайы ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – олардың өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру. Мұндай кездесулер болашақ дипломаттарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Кейбір халықаралық қатынастардың теориясы мен бүгінгі әлемдік саясатта болып жатқан оқиғаларға дипломатиялық көзқараспен қарау, болашақ саясаткер секілді оларды бағамдай алу үшін практикалық мамандардың тәжірибесі көмектесері сөзсіз.
СДУ Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев алдағы уақытта да басқа елдердің өкілдерін, елшілік қызметкерлерін, тек шетелдіктерді ғана емес, осы саладағы қазақстандық мамандарды да шақыратынын атап өтті.