Сулейман Демирель атындағы университеттің делегациясы Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне қонаққа барды. Екі жоғары оқу орнының басшылығы кездесіп, серіктестік аясында жүзеге асырылатын ортақ жобаларды талқылады. СДУ делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында университеттің қызметімен танысып, кампусын аралады.
Сулейман Демирель университеті отандық және шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық байланыс орнатуға, түрлі жобалар мен ұсыныстарға әрдайым ашық.