Сулейман Демирель атындағы университеттің студенті Мұхит Ерлан Испанияда грэпплингтен өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленді! Жарыс Понтеведра қаласында ерлер, әйелдер, кадеттер мен жасөспірімдер арасында өтті.
Кадеттердің (16-17 жас) және жасөспірімдердің (18-20 жас) жас санаттары No Gi секциясында біріншілік бағдарламасын ашты, оның қорытындысы бойынша Қазахстан құрамасы жалпы (медальдық) есепте бірінші орынды иеленді.
Тартысты жарыста балуандарымыз чемпионаттың 12 алтын, 11 күміс және 7 қола жүлдесін жеңіп алып, Испания, Израиль және Франция құрамаларын артқа тастады. Олардың қатарында СДУ Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті «Физика-информатика» мамандығының студенті Мұхит Ерлан күміс медаль иеленді.
Грэпплинг – бұл жекпе-жек өнерінің салыстырмалы түрде жас түрі, онда әр түрлі күрес техникасы жинақталған, сондай-ақ ауыр және тұншықтырғыш ұстау ережелері шектеулі. Бұл спорт түрі бразилиялық джиу-джитсу, еркін күрес, жауынгерлік самбо және дзюдо әдістерінің негізінде құрылған.
Спорттан әлемдік жарысқа қатысып, жүлделі орынмен оралған Ерланды факультет деканы мен оқытушылары арнайы құттықтады. Студенттеріміз тек интеллектуалдық емес, спорттық сайыстарда да биіктен көрінгеніне қуаныштымыз! Ерланның болашағы жарқын болатынына сенімдіміз!