Сулейман Демирель атындағы университетке Германиядан SES эксперті Гюнтер Зоммершу келді.
Әлемдік деңгейдегі тәжірибелі эксперт 17 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушыларына тренингтер мен воркшоптар өткізді. Қатысушылар семинарда студенттердің сабаққа деген белсенділігін аттырудың, бірігіп жұмыс істеудің, кері байланыс орнатудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ маман оқытушыларға әдістемелік-дидактикалық мәселелер бойынша біліктілігін арттыру бойынша тренинг өткізді.
Гюнтер Зоммершу СДУ-ға іссапары аясында Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультеті оқытушыларының сабақтарына қатысып, сабақ беру бойынша талдау жұмыстарын жүргізді.
Германияның аға (SES) эксперттер қызметі – бұл түрлі салалардағы, атап айтқанда персоналды басқару (HR), қызмет көрсету мен тауар өндірісі, маркетинг, қаржы мен бизнес-жоспарлау және басқа да бағыттар бойынша 10 000 аса маманның басын құрайтын ірі ұйым. SES-эксперттер көп жылдық тәжірибесі бар мамандар, көбінің жеке кәсібі бар, сондай-ақ кейбірі жұмыстан кеткенімен өзінің білімі, тәжірибесімен дамушы кәсіпкерлермен, мамандармен бөлісуді мақсат еткендер.
