Сулейман Демирель атындағы университеттің магистранты Бексеит Қадырбай Қазақстан Республикасы Педагогтер одағының «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Магистрант СДУ PhD профессоры Жайнагүл Дүйсебекованың жетекшілігімен «Орта білім беру жүйесіндегі мұғалім моделі» тақырыбында жоба дайындады. Жоба Педагогтер одағының ұйымдастыруымен Дубайда өткен семинарда таныстырылып, қазылар алқасының көңілінен шықты. Республикалық семинарға Қазақстан бойынша 50-ге жуық мұғалім қатысты. Қаскелең қаласындағы «КурсANT» білім беру орталығының директоры Бексеит Қадырбайдың айтуынша, ғылыми жоба еліміздегі орта білімді дамытуға бағытталған.
«Жобада орта білім беру жүйесіндегі мұғалім моделі құрастырылып, сол модельге жету үшін мұғалімдер қандай әрекеттер жасау керек екені баяндалды. Шынында, бұл ғылыми-тағылымдамалық, тәжірибелік іссапардан алған инсайттар, жаңалық мұғалім жолда біздің одан әрі дамытары сөзсіз. Қазақстанның 50-ге жуық мұғалімінен үйренеріміз де, олармен бөлісеріміз де көп болды. Бәріміз бірге еліміздің дамуы мен халқымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосатынымызға сеніміміз мол», – деді магистрант.