SDU Talks жобасы аясында Сулейман Демирель атындағы университетке кәсіпкер Асхат Солтанов келді. Happy Cake кондитерлік дүкендерінің негізін қалаушысы студенттерге «Қазақстандағы және әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік, көшбасшылық қасиеттер» тақырыбында лекция оқыды. Кездесу барысында спикер кәсіп бастағанда қандай қандай қателіктерге жол бермеу керек екенін, қандай мәселелерге мән беру керек екенін айтып, тәжірибесімен бөлісті.
«Жетістікке жеткен кез келген адам – ол мықты маман немесе менеджер не кәсіпкер. Егер адамның алдында бірдеңені істеу немесе істемеу деген таңдау тұрса, оны істеп көру керек. Бірден әрекет етсең ғана ұтасың. Сенің ойыңа келген идея басқаға да келеді, соны ұмытпау қажет. Бизнесте сен стратегия жазып, жоспар құрып жүргенде басқа адам ол идеяны жүзеге асыруды бастап кетеді», – деді ол.
Кездесу соңында Асхат Солтанов университет қызметкерлері мен студенттерінің сұрақтарына жауап беріп, жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Happy Cake кондитерлік дүкендерін Америкада, өзге мемлекеттерде ашу жоспарда бар.