Сулейман Демирель атындағы университетке Миннесот университетінің қауымдастырылған профессоры Дулут Игорь Мельников қонаққа келді. Кездесудің негізгі мақсаты – Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларына семинар өткізу. Американдық профессор «Гаусс қоспасының модельдеріндегі ЭM-алгоритмді инициализациялау әдісі» тақырыбында баяндама жасады және қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Семинар соңында кафедра меңгерушілері мен факультет профессорлары қонақпен жеке кездесуге қатысты. Профессордың университетімізге келуі болашақта ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.