Сулейман Демирель атындағы университке кәсіби журналист Арманжан Байтасов қонаққа келді. Белгілі медиа менеджер «SDU Talks» жаңа жобасы аясында университет қызметкерлері мен студенттеріне «Ақылдылар елі» тақырыбында дәріс өткізді. Спикер медиа саласындағы жобаларының құрылуы, оларды жүзеге асыру туралы, бизнестің қыр-сыры жайлы айтты. Сондай-ақ болашаққа жоспарларымен, идеяларымен бөлісті, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Арманжан Байтасов – Tan Media Group компаниясының, «Forbes Kazakhstan», «Forbes Georgia», «Business FM» басшысы, «31 арна» телерадиокомпаниясының және Қазақстандағы басқа да тәуелсіз БАҚ-тың негізін қалаушы.
SDU Talks – университет қауымдастығына белгілі кәсіпкерлермен, кәсіби мамандармен және қоғам қайраткерлерімен кездесуге мүмкіндік беретін коммуникациялық алаң. Кездесуде адами капиталды дамытуға баса назар аудара отырып, білім және ғылым мәселелері талқыланады. Алдағы уақытта жоба аясында өтетін кездесулердің хабарландыруын әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыздан көре аласыздар.