• ЖАҢАЛЫҚТАР 03.04.2023-09.04.2023 00:00

SDU Radio

СДУ Жаңалықтары

  • ЖАҢАЛЫҚТАР 03.04.2023-09.04.2023 00:00

10-шы ICBCB 2022 халықаралық конференциясы басталды

29 қыркүйекте Алматыда «Өзгеріс үстіндегі әлемде тең дәрежеде білім беруді ілгерілету» тақырыбында 10-шы ICBCB 2022 халықаралық конференциясы басталды. Екі күндік ғылыми шараға Ұлыбритания, Үндістан, Таиланд, Қырғызстан, Ресейден келген шетелдік және отандық ғалымдар қатысып жатыр.

 

Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Әлімжан Бекежанұлы шараның ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тілеп, педагогтерді Ұстаздар күнімен құттықтады.

 

«Бүгін ғалымдар әлемде тең дәрежеде білім беруді талқылайды. Халықаралық деңгейдегі мұндай ғылыми конференцияны өткізу университетіміз үшін үлкен мәртебе. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – жаһандану дәуірінде тұтас білім беру жүйесіне негізделген құндылықтарды және түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты дәріптеу. Сондай-ақ отандық және халықаралық ғалымдармен ғылыми және кәсіби байланыс орнататын алаң құру, білім саласындағы өзекті мәселелердің оңтайлы шешімін табу. Осы екі күннің ішінде аталған мәселелер бойынша ұсынған зерттеулер білім беру процесін дамытуға үлес қосады деген сенімдемін. Конференцияға қатысып жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтаймын», – деді ол.

 

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, PhD доктор Дархан Біләлов ғылыми шараның маңыздылығын атап өтті.

 

«Бүгінгі халықаралық ғылыми конференция – өте маңызды шара. Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, ғалымдар әлемдегі өзекті мәселелердің бірін көтеріп жатыр. Біріншіден, балалардың тең дәрежеде сапалы білім алуы керек. Бұл Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша күн тәртібінде тұрған өзекті проблема. Бүгінгі конференцияға қатысып жатқан зерттеушілер осы тақырыптағы зерттеулері туралы айтып, маңыздылығын түсіндіріп қана қоймай, оның нақты шешу жолдарын, механзимін де ұсынып жатыр», – деді ректор.

 

Халықаралық ғылыми конференцияда онлайн және офлайн форматта білім беру жүйесін жақсартуға арналған көптеген идея айтылып, ғалымдар зерттеу жұмыстарымен бөлісіп жатыр. Олардың ішінде білім беру саласындағы тәуелсіз зерттеуші, Үндістаннан келген профессор Sugata Mitra, Лондон университеттік колледжінің ғылым және экологиялық білім беру профессоры Justin Dillon, профессор, доктор, Таиландта Парламентінің депутаты Kanok Wongtrangan, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің ректоры, PhD докторы Дархан Біләлов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, PhD докторы Гүлмира Қанай, КИМЭП университетінің деканы, профессор Жулдыз Смагулова, Назарбаев университетінің профессоры Дуйшон Шаматов басты спикерлер ретінде қатысып жатыр.

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat
Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: