Сулейман Демирель атындағы университетке Нархоз университетінің Президенті Мирас Дәуленов қонаққа келді.
СДУ басшылығы қонақтарға университеттің жаңа оқу блогын, құрылыс нысандарын, заманауи зертханаларды және білім бағдарламаларын таныстырды. Кездесуде екі университет арасында ынтымақтастықты арттыру, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Айта кетерлік жайт, Сулейман Демирель университеті мен Нархоз университеті ALLVET халықаралық жобасы бойынша тығыз жұмыс істейді.