Бүгін Сулейман Демирель университетіне Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері келді. Делегация құрамында университет ректоры Сәуле Рахметуллина, Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Ұлан Едігенов, Жобаларды басқару офисінің жетекшісі Зарина Хасенова бар.
Кездесуде СДУ ректоры Әлімжан Игенбаев қонақтарға университеттің қызметі, білім бағдарламалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ кампус тур барысында жаңадан ашылған блокты, Студенттер үйін, оқу ордасының білімгерлерге жасаған жағдайларымен таныстырды.
Жоғары оқу орындарының басшылары өзара тәжірибе алмасу, оқу процесін цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. ШҚТУ басшылығы университеттер арасында ғылыми бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.
Сонымен қатар жиында академиялық бағыт бойынша болашақ ынтымақтастық мәселелері туралы айтылды. СДУ әрдайым еліміздің өңірлік жоғары оқу орындарымен кездесуге және тәжірибе алмасуға ашық.