Сулейман Демирель атындағы университетінің ректоры Әлімжан Игенбаев «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаевпен кездесті.
Енді СДУ Өңірлік жаңа мамандықтар атласын дайындауға атсалысады. Университет аймақта үздіксіз білім алудың және кәсіби өсудің интеграцияланған моделін құруды көздеп отыр. Сондай-ақ өңірдегі білім мен біліктілік деңгейін бағалау, оның ішінде облыстың адами капиталы туралы мәліметтерді жинау және талдау бойынша жұмыс жүргізіледі.
Өңірлік стандарт – аймақтық менеджмент жүйесін басқаруға арналған құрал. Ол аймақ экономикасы үшін оқыту процесінің тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушыы органдар мен негізгі мүдделі тараптардың ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жұмыс берушілер, бизнес өкілдері, өндіріс орындары өздерінің талаптарын өңірлік мамандықтар атластарында жариялайды. Өңірге қандай маман керек, қандай сұраныс бар, алдағы бес жылда технологиялық жаңарту бағдарламаларын қай бағытқа бағыттайды, қандай дағдылар қажет екенін айта алады.
Ал өңірлік колледжер мен жоғары оқу орындары білім бағдарламаларын сол талаптарға, өңірлік атластарға сәйкес жаңғыртады.