Малайзия Путра Университетінің делегациясы Сулейман Демирель Университетіне келді.
Делегация мүшелері СДУ академиялық және зерттеу жобаларымен танысты. Олар болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін СДУ Инженерлік және Жаратылыстану факультетінің басшылығымен ресми кездесу өткізді. Кампустағы экскурсия барысында қонақтар университет ғимаратымен танысты.
Сулейман Демирель Университеті тәжірибе алмасу мен серіктес жоғары оқу орындарымен кездесулерге әрдайым ашық.
