ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сулейман Демирель атындағы университеттің ректоры Әлімжан Игенбаевты қабылдады.
Министр жаңа ректорды қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында жоғары оқу орнының дамуы, академиялық мәселелері, студенттерге жасалатын жағдайлар талқыланды. Жаңа ректор университеттің қызметін жақсартуға қатысты жоспарларымен бөлісті.