29-31 тамыз аралығында университетімізге жаңадан қосылып жатқан білімгерлерге арналған университетпен танысу күндері өтті.
Жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шара биылғы жылы үш күнге созылып, 1-курс білімгерлері кредиттік жүйе, сабаққа тіркелу, академиялық адалдық, студенттік өмір, университет кампусындағы ішкі тәртіп туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар оқудағы мотивация, белсенді әрі салауатты өмір, сабақтарға дайындық туралы мастер-класстар ұйымдастырылды.
Биыл Сулейман Демирель атындағы университетке еліміздің түпкір-түпкірі мен алыс-жақын шетелден 1500-ге жуық талапкер түсіп, оқу жылын бастамақ.
