Құрметті білімгер!
Сізді 2022-2023 оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Жоғары білім алу үшін Сулейман Демирель атындағы университетті таңдап, бізге сенім артқаныңызға рақмет! Үлкен өмірге басқан қадамыңыз құтты болсын! Өз өміріңізге жауапкершілік алып, сапалы білім алу үшін академиялық ортаға келдіңіз. 4 жылдан соң елімізге қызмет ететін болашақ маман, ата-анаңыздың үкілеген үмітісіз. СДУ ұжымы осы уақыт аралығында сіздің тұлға болып қалыптасуыңызға, дамуыңызға, жетістіктерге жетуіңізге барынша көмектеседі. Өз тарапымыздан студенттік өміріңіз пайдалы әрі қызықты өтуіне атсалысамыз.
Жаңа оқу жылы табысты, нәтижелі, берекелі болсын! Білім нәрімен сусындап, жаңа дағдыларды меңгеретініңізге сенімдімін. СДУ-да жүзеге асыратын жаңа жобаларыңызға, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Ең бастысы, денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман болсын!
Құрметпен, СДУ ректоры Давронжон Гаипов