2022 жылдың 29-30 қыркүйегінде Сулейман Демирель атындағы университетте «Өзгеріс үстіндегі әлемде тең дәрежеде білім беруді ілгерілету» тақырыбында Х ICBCB конференциясы өтеді. Шара білім беру жүйесін жақсартуға арналған көптеген идеяларды зерттеуге мүмкіндік береді. Халықаралық жиын екі күн бойы сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін онлайн және офлайн режимде өтеді.
Конференцияға зерттеушілер, академиктер, ғылыми қызметкерлер, менеджерлер мен практик мамандар қатысып, сарапшылармен зерттеу нәтижелерімен бөлісе алады.
Баяндаманы ұсыну үшін деректерді толық жинау міндетті емес. Мысалы, әдебиеттерге шолу немесе теориялық баяндама ұсынуға болады. Университет ұжымы СДУ кафедраларының мамандарын ғана емес, сондай-ақ қазақстандық басқа да жоғары оқу орындарының спикерлері мен тыңдаушыларын қарсы алуға дайын.
Конференция ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Баяндама жасауға 15-20 минут, ал сұрақ-жауап бөліміне 5 минут беріледі.
Шақырылған спикерлер: білім беру саласындағы тәуелсіз зерттеуші, профессор Sugata Mitra; Лондон университеттік колледжінің ғылым және экологиялық білім беру профессоры (UCL) Justin Dillon; профессор, доктор, Таиландта білім реформасы бойынша жетекші маман Konak Wongtrangan.
Өтетін орны: Сулейман Демирель университеті, Алматы облысы, Қарасай ауданы 040900, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1
Байланыс деректері: +7 (727) 307 95 65; + 7 702 000 11 33
icbcb2022@sdu.edu.kz