Әр жарты жыл сайын ұсынылатын Webometrics Ranking of World Universities-2022 әлемдік үздік білім беру мекемелері веб-сайттарының халықаралық рейтингі жарияланды. Рейтингке Қазақстанның 132 университеті қатысты, оның ішінде Сулейман Демирель атындағы университет 8-орын алады.
Webometrics Ranking of World Universities – бұл университет сайтының және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарының қажеттілігін ескеретін көрсеткішке негізделген әлемдік университеттердің рейтингі.
ЖОО-лардың әлемдік ақпарат кеңістігінде ұсынылуын талдайтын рейтинг 2004 жылы пайда болды. Нәтижелері әр жылдың қаңтар, шілде айларында жаңартылады. Бүгінгі таңда ол бүкіл әлем бойынша 12000-нан астам университет үшін веб-индикаторларды ұсынады. Веб-индикаторлар профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің зерттеу қызметімен қалай айналысып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Cybermetrics Lab әдістемесіне сәйкес университеттерді рейтингтеу алгоритмі үш көрсеткішке негізделген: Impact, Openness, Excellence.
Мұндай халықаралық рейтингтерге қатысып, алдыңғы қатардан көріну СДУ үшін мәртебе әрі жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ ғылыми бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға ынталандырады.