«Қазақстан халқына» Қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.
Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді.
Талапкерлер үшін білім беру гранттары мен шәкіртақыларының саны әрбір ЖЖОКБҰ-ға 10 грантқа дейін, ұлттық ЖЖОКБҰ үшін 20 грантқа дейін көбейтілді. Қордың 2022-2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен стипендияларының жалпы саны – 850.
«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарына өтінім беру үшін құжаттар ОФЛАЙН форматта 10-17 тамыз аралығында қабылданады. АБИТУРИЕНТ құжатты СДУ-ға келіп тапсыра алады.
СДУ-да құжат қабылдау орны: С111 кабинеті
Қосымша ақпарат алу үшін: grantoffice@sdu.edu.kz
Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
- Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
- Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерден шыққанын растау үшін)
- ҰБТ сертификатының көшірмесі (осы жылдың кез келген сертификаты)
- Төменде көрсетілген санаттардың құжаттамалық растауы:
– мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар;
– кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз айырылған және жетім.
- Ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар
- Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне: мекемеден анықтама;
- Ата-анасынан айырылған талапкерлерге: олардың қайтыс болғаны туралы анықтама;
- Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама
- АӘК (АСП) алушының мәртебесі туралы ақпарат (ҚР ХҚКО-дан алу)
- Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысқанын және жетістігін растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болса)
- Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғанын растайтын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (бар болса).