Қайрат Молдашев Сулейман Демирель атындағы университеттің Ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.
Қайрат Болатұлы KIMEP университетінің бакалавриатын, Сулейман Демирель атындағы университеттің магистратурасын және Малайя университетінің докторантурасын бітірген.
СДУ-да доцент, кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Сонымен қатар Камбоджа еліндегі Парагон университетінің проректоры, Нархоз университетінің ғылым жөніндегі вице-провосты қызметін атқарған.
СДУ ұжымының атынан жаңа проректордың қызметіне сәттілік тілейміз! Қауымдастырылған профессордың көп жылдық тәжірибесі мен кәсібилігі университеттің дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз!