Қазақстандық талапкерлер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында гранттар мен шәкіртақылар конкурсына қатыса алады. Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, әлеуметтік жағдайына байланысты ЖОО-да білім алуға мүмкіндігі жоқ ауыл балаларына, асыраушысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі мектеп түлектеріне шәкіртақы төленетін грант беріледі.
Үміткерлер конкурсқа қатысуға өтінімді өзі таңдаған университеттің қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында бере алады.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.
Сондай-ақ ЖОО-ларда ақылы бөлімде оқитын студенттерге де Қор қаражаты есебінен грант пен шәкіртақы алуға мүмкіндік қарастырылған. Студенттер 1-25 тамыз аралығында https://www.taiburyl.kz/ сайтына онлайн өтінім бере алады.