22 шілде күні еліміз бойынша мемлекеттік грантқа құжат қабылдау аяқталды. Сулейман Демирель атындағы университетке барлығы 918 талапкердің өтініші қабылданды. Құжат тапсырғандардың 80%-ы, яғни 780 талапкер бірден СДУ-ды таңдады. Қабылдау комиссиясының жүйелі жұмысының арқасында талапкерлер мен ата-аналары құжаттарды 8-15 минутта тапсырып, қызметкерлерге ризашылықтарын білдірді.
Еске сала кетейік, биыл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге 73 мың грант бөлді. Мемлекеттік грант конкурсының нәтижесі 5-10 тамызда ресми дереккөздерде жарияланады. Ақылы бөлімге түсетін талапкерлер 2022 жылдың 25 тамызына дейін құжат тапсыра алады.