14 шілде күні Сулейман Демирель атындағы университетте «Mugalim» жобасының ұйымдастыруымен болашақ педагогтерге арналған «Мұғалімнің тұлғалық даму құпиялары» тақырыбында семинар өтті. Психолог, коуч Жасұлан Сейтқалиев Summer camp қатысушыларына балалармен, ата-аналармен жұмыс істеуді, менталды тазалану, күнделікті әдеттер, тұлғалық даму сияқты тақырыптар бойынша пайдалы ақпараттар ұсынды. Спикер болашақ ұстаздарға балалардың психологиясын түсіндіріп, олармен қарым-қатынас қалай құрылуы керек екенін түсіндірді.
Сондай-ақ семинар қатысушыларына бала тәрбиесі бойынша маман Елжас Ертайұлының «Баланы жазаламай тәрбиелеу» кітабы сыйға берілді.