Сулейман Демирель атындағы университеттің Біліктілікті арттыру және инновация орталығы сіздерді 72 және 108 сағаттық «Summer School 2022: RECHARGE» атты біліктілікті арттыру бағдарламасына шақырады.
Курстың бірінші бөлімі 18.07-12.08 арасында асинхронды онлайн форматта өтеді. Онда жалпы педагогикадан бөлек қатысушалырдаң білім беру бағытына байланысты арнайы тректер (бағыттар) ұсынылады. Асинхронды онлайн форматтағы тапсырмаларды 31 тамызға дейін платформаға жүктеу қажет. Бағдарламаны сәтті аяқтаған кезде, сізге 72 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру сертификаты тағайындалады.
15.08-25.08 арасында оффлайн форматта СДУ кампусында өтетін Summer School 2022 екінші бөлімі психология және СДУ академиялық үдерістеріне арналған. Егер қатысушы 72 сағаттық асинхронды онлайн бағдарламаға қоса оффлайн СДУ кампусында өтетін Summer School 2022-ге қатысса, онда қатысушыға 108 сағаттық ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру сертификаты тағайындалады.
Мақсаты: жалпы педагогика және кәсіби бағыт бойынша арнайы тректер ұсыну, психология саласындағы практикамен қамтамасыз ету, СДУ академиялық үдеріс ерекшеліктерін қарастыру
Спикерлер: СДУ оқытушылары және өзге білім беру саласындағы мамандар
Қатысушылар: СДУ профессор-оқытушылар құрамы, магистратура және докторантура студенттері
Өтетін күні және форматы:
18.07-12.08.2022 – асинхронды онлайн izdenED.kz платформасында
15.08-25.08.2022 – оффлайн, СДУ кампусында
Бағдарлама тілі: қазақ тілі (негізгі) және орыс тілі
Курс бағдарламасын жүктеп алуға болады.
Тіркелу сілтемесі: http://tiny.cc/sdu-ss22
Қосымша ақпарат үшін:
WhatsApp: +7 (705) 8412251
Эл. пошта: pro.development@sdu.edu.kz
Instagram: @sdu_cpdi