2022 жылдың 27-29 маусымы аралығында Сулейман Демирель атындағы университетте түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл оқу бітіріп жатқан жастар университетіміздің 25 жылдық тарихындағы 24-ші түлегі. Биылғы оқу жылында университетімізді 1129 бакалавр, 160 магистрант, 26 докторант оқуларын аяқтап, кәсіби маман ретінде диплом алды. Университет басшылығы түлектерге сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.
«Құрметті түлектер! Төрт жылдың ішінде алтын уақыттарыңызды, күш-жігерлеріңізді оқуға жұмсадыңыздар. Таңдаған мамандықтарыңыз бойынша қажетті дағдыларды меңгеріп, базалық білім алдыңыздар. Енді осы білімдеріңізді тәжірибе жүзінде қолданатын уақыт келді. Қызмет барысында қарапайымдылық, адамгершілік сипаттары, меритократия және өз ісіне, кәсібіне адалдық сияқты қағидаттарды әрдайым есте сақтаңыздар. Сіздерге болашақ өмірде өз салаларыңыздың шебер маманы, адал көшбасшысы болуға тілектеспін», – деді СДУ проректоры Андрей Богданчиков.