Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінің делегациясы келді. Екі жақты кездесуге СДУ басшылығы, департаменттердің директорлары және МИСиС басшылығы қатысты. Жиында IT, бағдарламалық қамтамасыз ету және автоматтандыру, оқу процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сулейман Демирель атындағы университет отандық және шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға, ортақ жобалар жүргізуге әрдайым ашық.