10 маусым күні Сулейман Демирель атындағы университет PaperLab зерттеу орталығымен бірлесе «Rentier Capitalism and Its Discontents: Power, Morality, and Resistance in Central Asia» кітабының тұсаукесерін өткізді. Туындының авторы – Balihar Sanghera және Эльмира Сатыбалдиева.
Кітап бүгінгі күнгі экономикалық, саяси, әлеуметтік және экологиялық дағдарыстарды рентерлік капитализм мен Орталық Азиядағы қарсы қозғалыстар арқылы түсіндіреді және оған баға береді.
Шара барысында Kent university Әлеуметтік саясат, әлеуметтану және әлеуметтік зерттеулер мектебінің аға оқытушысы Balihar Sanghera және Kent university Еуразиялық саясат және даму жөніндегі маманы Эльмира Сатыбалдиева кітапты қонақтарға таныстырды. Іс-шарада олар рента алудың тетіктерін көрсететін жұмыстары, олардың моральдық негіздемесі мен заңдылығы, оларға қарсы әлеуметтік күрес және т.б. туралы айтып берді.
Кітапта моральдық экономика мен рента саясаты туралы аса қажетті теорияны қамтамасыз ете отырып, Қазақстан мен Қырғызстандағы қаржы, жылжымайтын мүлік және табиғи ресурстар бойынша тереңдетілген мысалдар ұсынылған.