Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетте Алматы қаласында педагогика мамандығы бойынша оқитын білімгерлерге арналған семинар, тренингтер басталды. «Mugalim» жобасының ұйымдастыруымен шарада СДУ ректоры Давронжон Гаипов қатысушалырға «XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?» тақырыбында лекция оқыды.
6 күнге жоспарланған конференция болашақ ұстаздарға қосымша білім беру, салаға мамандандыру мақсатында ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында педагогика мамандығының студенттеріне арналған семинар, конференциялар, воркшоптар, коворкинг, тимбилдингтер өтеді. Жобаның академиялық директоры Захид Абдалимовтың айтуынша, жобаның мақсаты – педагог мамандығына әлеуеті жоғары талапкерлерді тарту, болашақ педагогтерді қолдау, сондай-ақ олардың білікті ұстаз болып қалыптасуына септігін тигізу.
Алғашқы спикерлердің бір ретінде «USTAZ UPGRADE» кәсіби оқыту орталығының академиялық директоры, білім саласындағы зерттеуші Нұрлан Иманғалиев тәжірибесімен бөлісіп, лекция оқыды.
Арнайы іріктеуден өткен білімгерлерге мемлекеттік шәкіртақыдан бөлек «Mugalim» жобасының шәкіртақысы беріледі.