СДУ-да «INFOMATRIX – ASIA 2022» жарысы өтті

СДУ-да «INFOMATRIX – ASIA 2022» жарысы өтті

Мектеп оқушылары 3 сағатта робот машина құрастырды. «INFOMATRIX – ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жеңімпазы Әлинұр Тұрдықұл роботты қалай жасағанын түсіндірді. 

6-8 маусым аралығында Сулейман Демирель атындағы университетте халықаралық «INFOMATRIX – ASIA» байқауы өтті. Елімізден жəне өзге елдерден жарысқа 365 өнертапқыш қатысты. Қатысушылар 6 бағыт бойынша жобаларын ұсынды: Robotics Computer, Programming Computer, Art Hardware, Control Systems, Short Movie, Mathematics Project. 

Robotics Computer бағыты бойынша командасымен І орын алған Ерасыл Қайыпов – Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» мектебінің 10-сынып оқушысы. Оның айтуынша, мұндай жарыстар IT саласы бойынша өзге оқушылармен тәжірибе алмасуға көмектеседі. 

«Біз бұл жарыстың болатынын бір ай бұрын білдік. Бірнеше апта бойы Arduino USB базалық платформасы арқылы робот машина құрастырып, байқауға дайындалдық. Бұл жеңіс біздің командамызға тынымсыз еңбектің арқасында келді. Жарыста тапсырманы орындауға 5 сағат уақыт берілді, бірақ біз 3 сағатта робот машинаны құрастырдық. Роботымыз тік төртбұрыш аренада әр бұрышта тұрған заттарды алып, ортадағы сары шеңберге қояды. Оны Bluetooth модуль арқылы телефондағы қосымшаның көмегімен басқарамыз, белгілі бір градуста қисайта аламыз. Байқауда І орын алғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндай жарыстар бізге өзге мемлекеттің бағдарламалауға қызығатын жас өнертапқыштарымен танысуға, тәжірибе алмасуға көмектеседі», – деп түсіндірді ол. 

Жеңімпаз команданың мүшелері Әлинұр Тұрдықұл мен Ерасыл Түгелбай келесі жылы 11-сынып бітіргенде осындай халықаралық байқаулардан алған жетістіктері университетке грантқа түсуге көмектесетіне қуанышты. 

Шараның ұйымдастырушысы, IT саласының маманы Исмаил Гесанның айтуынша, жылдан жылға жарысқа қатысушы оқушылардың деңгейі жоғарылап, қатысқысы келетін оқушылардың саны артып келеді. 

«INFOMATRIX – ASIA» биыл 8-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде Сулейман Демирель университетінде ұйымдастырылады. Бұл байқаудың басқалардан айырмашылығы – бір категория бойынша ғана емес, 6 бағыт бойынша өткізілуі. Балалардың IT саласы бойынша қабілеттерін әртүрлі бағыттар бойынша тексеру өте маңызды. Жарысқа 400-ден астам жоба тіркелді. Комиссия мүшелері 165 жобаны іріктеп алды. Байқауға барлығы 365 оқушы қатысты. Олардың жұмыстарын Google, Facebook сияқты әлемдік компанияларды жұмыс істейтін мамандар бағалады. Биыл қатысушылардың деңгейі жоғары. Балалардың ақпараттық технологиялар саласына қызығушылығы артып келеді, жылдан жылға деңгейлері де жақсарып келе жатқанын байқадық. Болашақта осы оқушылар мықты IT маманы болады деген үміттемін», – деді «Білім-инновация» халықаралық қоры IT-департаментінің басшысы. 

Ақпараттық технологиялар саласын дамытуға бағытталған байқау ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен «Білім-Инновация» ХҚҚ ұйымдастыруымен өтті.

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat
Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: