30-31 мамырда Сүлеймен Демирел атындағы университетте «Үндістан мен Орталық Азия арасындағы диалог» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Конференцияда Үндістан мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту бойынша: азаматтық қоғам қатынастарын нығайтудың инновациялық жолдары, аймақаралық ынтымақтастық және экономикалық байланыстардың аясын кеңейту, аймақтық қауіпсіздікті нығайту және радикалсыздандыру саласындағы ынтымақтастық және терроризммен күресу, технологиялық және ғылыми ынтымақтастық салаларын зерттеу сынды төрт негізгі мәселе талқыланды. Жиын барысында Айзада Нуридденова, Анвар Алам, Асылзат Карабаева, Беруний Алимов, Дарига Кокеева, Шукурова Гульмира, Кенжебек Габдуллин, Kashif Hasan Khan, Muzaffar Olimove, Nigorai Fazliddin, Oskar Schortz, Rustam Umarov and Ulugbeck Khasanov баяндама жасады.
Халықаралық дөңгелек үстел Үндістан мен Орталық Азия республикалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолында кездесетін кедергілер мен проблемаларды талдау және анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ кездесуде бастамалар мен жобаларды қолдаудың нақты стратегиялары мен саяси шараларын әзірлеу мәселесі талқыға түсті.