Бүгін СДУ-ға қонаққа Hof University Erasmus+ координаторы Jörg Noldin келді. Германиядан келген университет өкілі студенттерге Hof қолданбалы ғылымдар университетін таныстырды. Сондай-ақ ол оқуға қабылдау ережелері, Германияда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алу жолдары жайлы, Erasmus+ стипендиясы туралы мәлімет берді. Жиын соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Hof университеті мен Сулейман Демирель атындағы университет арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Енді СДУ “Компьютерлік жүйелер” білім бағдарламасының студенттері Германияда “Қосдипломды білім беру” бағдарламасы бойынша білім ала алады.