Сулейман Демирель атындағы университетте Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті мен «SCHMITT&ORLOV» заңгерлік фирмасының өкілдері арасында кездесу өтті. Компания мен университет арасында өткен жылы жасалған меморандум аясында қазіргі таңда білімгерлер тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасып жатыр. Компанияның ТМД бойынша интеллектуалдық меншік бағыты бойынша жетекшісі Олег Овчаренкомен студенттердің тәжірибеден, тағылымдамадан өтуі мәселесі, СДУ құқық мамандығының білім беру мамандықтарын дамыту бойынша жұмыстары талқыланды.
Интеллектуалдық меншік құқығы саласына маманданған фирма өкілдері университетіміздегі «Интеллектуалдық меншік құқығы» пәнінің мазмұнын дамытуға үлес қосатынын, студенттердің шетелдік тағылымдамаларға баруын қамтамасыз ететінін айтты. Сондай-ақ заң фирмасы алдағы уақытта білімгерлерге дәріс беретін болады.
