СДУ-да «International Young Scholars Conference» конференциясы өтті

СДУ-да «International Young Scholars Conference» конференциясы өтті

Қазақстанда тұратын барлық азаматтың биометриялық деректері сканерден өткізіледі. Ол процеске тіпті елімізде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да қатысуға міндетті. Заңгер, «Biometrics KZ» жобасының сарапшысы Дана Мұхамеджанова Жас ғалымдардың халықаралық конференциясында биометриялық деректердің қауіпсіздігін сақтауға қатысты мәселелерді атап өтті.

2022 жылдың 25-27 мамыры аралығында Сүлейман Демирел атындағы университетте Жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. Оған әртүрлі мемлекеттен магистранттар, докторанттар және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

«Жас зерттеушілерге арналған «International Young Scholars Conference» конференциясы алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биыл оған әртүрлі елден 110 спикер қатысты. Аталған шара бүгінде ғалымдарға ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, идеяларымен бөлісуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Спикерлер жұмыстарын оффлайн және онлайн режимінде таныстаратын алаңға айналды», – деді СДУ Ғылым департаментінің директоры Әлішер Тілеубаев.

Конференция барысында PhD докторант Дана Мұхамеджанова «Биометриялық деректерді пайдалану арқылы сәйкестендіру: жеке өмірге қауіпті ме әлде қауіпсіздікті қамтамасыз ете ме?» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысын таныстырды.

«Қазақстанда тұратын барлық азаматтың биометриялық деректері сканерден өткізіледі. Ол процеске тіпті елімізде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да қатысуға міндетті. Бұл талап кәмелетке толмағандарға да қойылады. Қабылданған шаралар кезең-кезеңімен күшіне енген  «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Заң 2021 жылдың 1 қаңтарында алғаш рет күшіне енді, ал екінші кезеңі 2023 жылға жоспарланған. Дактилоскопия – саусақ іздері арқылы адамның тегін анықтайтын ғылым түрі», – деп түсіндірді ол.

Заңгердің айтуынша, ғылыми-зерттеу жұмысының аясында құқықтық тәсілдер мен құқықтық реттеудің үлгілерін қолдану тәжірибесіне талдау жасалған. Сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру және адамның жеке өміріне қатысты деректердің құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша құқық қолдану тәжірибесі зерттелді. Баяндама жасау барысында спикер Қазақстан азаматтарының биометриялық деректерін сақтау қауіпсіздігіне байланысты проблемаларға да тоқталды.

«Биометриялық деректер оларды сақтауға арналған деректер базасында болады. Дегенмен, Қазақстан азаматтарының биометриялық деректерін сақтау және өңдеу әдістерінің қауіпсіздігіне күмән келтіретін бірнеше мәселе бар. Мысалы, мемлекеттік органдардың деректер базасынан осы уақытқа дейін ақпараттардың сыртқа шығып кетуі соның дәлелі. Бұл – қауіпсіздікті бақылаудың және деректер базасына қолжетімділікті шектеудің тиімді механизмінің жоқтығынан туындаған мәселе. Деректер базасына үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруі, жалған транзакциялар, деректерді енгізудегі қателер және олардың бұрмалануы, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді шектеу қағидаттарының бұзылуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Сондай-ақ саусақ ізі мен геномдық ақпаратты сақтау мерзімдерін қалыптастыру тәртібі, жеке ақпаратты ұзақ уақыт сақтаудың нақты қажеттілігі мен мақсаты түсініксіз», – деді КАЗГЮУ Құқық жоғары мектебі директорының орынбасары Дана Мұхамеджанова.

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat
Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: