Сулейман Демирель атындағы университеті зерттеу әдістерінің ассистент-профессоры Айзат Нұршатаеваның ғылыми мақаласы NBER сайтында жарияланды. Зерттеу жұмысында колледждегі қаржылық емес кедергілер мәселесі көтерілген, сондай-ақ саясаткерлердің сол кедергілерді түсіну және жою бойынша атқарып жатқан істері жайлы жазылған. Сонымен қатар мақалада колледжде білім алуға қолжетімділік пен табысты арттыруға арналған қаржылық емес байланыстар туралы әдебиеттер қарастырылған, оның ішінде мәселені жүйелі түрде шешуге бағытталған кешенді бағдарламалар көрсетілген.
Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросы (NBER) мемлекеттік қызметкерлерге, кәсіпкерлерге және академиялық қауымдастық мүшелеріне бейтарап экономикалық зерттеулер жүргізуге және таратуға мүмкіндік беретін АҚШ-тың жетекші зерттеу ұйымдарының бірі.
Айзат Нұршатаева – білім беру саласындағы экономист, АҚШ-тың және өзге елдердің білім саласын зерттеумен айналысады. Ғалым білім беру саясаты студенттерге жоғары білім алуға қалай көмектесе алатынын және институционалдық деректерге қатаң әдіснамаларды теориялық тұрғыда қолдану арқылы табысқа жету жолдарын зерттеген. Зерттеу жұмысын толығырақ NBER веб-сайтынан оқи аласыздар: https://www.nber.org/papers/w30054