Сулейман Демирель атындағы университетте Huawei Аcademy ашылды. Академия аясында студенттер ақпараттық жүйелер саласындағы жетекші компаниядан тегін білім алады.
Енді студенттер компьютерлік желілер, деректерді сақтау жүйелері, IoT және Big Data сияқты салалар бойынша өнеркәсіптік сертификаттарды да тегін алуына мүмкіндік бар. Сондай-ақ СДУ оқытушылары соңғы трендтер мен дағдыларды меңгеріп, жоғарыда аталған бағыттар бойынша алған білімдерін студенттермен де бөлісетін болады.
«Университетімізде Академияның ашылғанына өте қуаныштымын. Ақпараттық жүйелер саласы өкілдерінің оқу процесіне, білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытуы білім сапасының артуына да әсер етеді. Сондай-ақ бізде факультет өкілдері мен нарықтағы жұмыс берушілер бірігіп білім бағдарламаларын талқылайтын консультативтік кеңес бар. Енді Huawei компаниясы да осы процеске белсенді түрде атсалысады деген үміттемін. Ынтымақтастығымызды арттырып, нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз», – деді СДУ проректоры Андрей Богданчиков.
СДУ-дың кез келген студенті қызығушылық танытқан жағдайда Академия аясында өтетін курстар бойынша тегін сертификаттаудан өте алалы.
