Сулейман Демирель атындағы университетке қонаққа Шәкәрім Университеті өкілдері келді. Делегация құрамында университет ректоры Бауыржан Ердембеков, Ғылым және инновация жөніндегі проректоры Жанар Қалибекқызы, сондай-ақ бөлім басшылары бар.
Тәжірибе алмасу мақсатында Семейден келген қонақтар жоғары оқу орнының білім бағдарламаларымен, құрылымдық бөлімдердің жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ кездесу барысында екі университет арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Студенттермен алмасып, сіздерге маман даярлап беруге, ортақ жобалады жүзеге асыруға дайынбыз. Ұлттық руханият жағынан бізге жақын университет ретінде делегациямызбен сіздерге қонаққа келіп отырмыз. Семей мен Алматының ортасында алтын көпір болсақ, серіктестік орнатсақ деген ниетіміз бар. Қос дипломдық білім беру жүйесі, академиялық ұтқырлық, профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу бойынша жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков.
Өз кезегінде СДУ ректоры Давронжон Гаипов отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға ашық екенін атап өтті.