СДУ «Журналистика» білім беру бағдарламасы ақылдастар кеңесінің отырысы өтті. Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге еліміздегі белді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар қолданыстағы білім беру бағдарламасының мазмұнымен танысты, оқу процесіне қажетті өзгерістерді айтты. Сондай-ақ қазіргі нарыққа сай мамандарды даярлау сынды маңызды мәселелерді талқылады.
Сулейман Демирель атындағы университеттің «Журналистика» білім беру бағдарламасы 2009 жылдан бері білікті мамандарды даярлап келеді. Осы уақыт аралығында түлектеріміз белгілі бұқаралық ақпарат құралдарында, мемелкеттік органдар және коммерциялық ұйымдардың бұқарамен байланыс бөлімдерінде жемісті еңбек етіп келеді.
Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда мұндай кездесулердің маңызы зор.