СДУ «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақылдастық кеңестің кездесуі өтті.
Аталған кеңес жұмысы университтегі білім беру бағдарламаларының мазмұны, нарықтағы сұранысқа ие түлектерге қажет дағдылар, тағылымдама және жұмысқа орналасу туралы ұстаздармен пікір алмасып, ортақ мәселелерді талқылауға бағытталған.
Ақылдастар кеңесінің жиынына он сегіз сарапшы маман қатысып, бағдарламаны дамыту бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. Олардың ішінде Алматы қаласы әкімдігі, Halyk Bank, Kaspi.kz, Kolesa Group, Arbuz Group сияқты еліміздің белгілі компанияларының басшылары мен өкілдері бар.
Сапалы әрі нарық талабына сай білім беруде мұндай кездесулердің университетіміз үшін маңызы зор. Шараға қатысып, құнды пікірлерін білдіргені үшін серіктестерімізге алғыс білдіреміз.