Академиялық алмасу туралы хабарландыру

Академиялық алмасу туралы хабарландыру

Құрметті студенттер!

2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен өткізілетін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі басталды.

ҚР БҒМ іс сапар шығындарын, тұру, сақтандыру және виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландырады. Конкурсқа мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер ғана қатыса алады (грантта оқитын студенттер).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
– GPA 3.50-ден жоғары;
– ағылшын тілін меңгеру деңгейі B2 – деңгейінен (Upper-intermediate) төмен емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) паспорттың көшірмесі;
2) осы жылғы үлгерімі туралы Транскрипт (Students’ service center-ден алу қажет; ssc@sdu.edu.kz);
3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат; IELTS 6.0 және одан жоғары сертификаты,
continuing Education Center SDU (cec@sdu.edu.kz) тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші (бекітілген)
5) толтырылған сауалнама (бекітілген);
6) студенттің көпбалалы отбасынан шыққанын растайтын отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);
7) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін (бар болса);
8) студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса);

Үміткерлерді тең балмен іріктеу кезінде артықшылық берілетін студенттер:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
2) мүгедектер;
3) көпбалалы отбасынан шыққан студенттер.

Құжаттарды СДУ университеті кеңсесінің жеке мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз: Абылай хан 1/1 Қаскелең қ., 040900, Сүлейман Демирель атындағы Университет. «Академиялық ұтқырлық» деп жазу қажет.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 15 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық кеңсеге хабарласуыңызды сұраймыз: iro@sdu.edu.kz

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: