5 наурыз – ұлт мақтанышы, белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туған күні. Осыған орай, Алатау ауданы мектептерінің тарихшы мұғалімдеріне арналған «Біз білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысының беймәлім қырлары» атты кеш ұйымдастырылды.
Шараға арнайы қонақтары ретінде «Қыр баласы» қоғамдық қорының мүшесі, алаштанушы Мырзағали Абай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихшы ғалымы, PhD Тоқсанбаев Алмас қатысты. Сондай-ақ университетіміздің «Zamana» тарих клубына мүшелік ететін студенттер де баяндамаларын оқыды.
Тарихи кеште Әлихан Бөкейхановтың еңбек жолымен қатар көпшілік біле бермейтін беймәлім қырлары да айтылды. Кездесу нәтижесінде тарихшы мамандар мен университет арасында жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.
Іс-шара Сулейман Демирель университеті Мультидисциплинарлық білім беру орталығының ұйымдастыруымен Alatau Creative Hub ғимаратында өтті.
05.03.2022