Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты тарих, халықаралық қатынастар, журналистика және құқық салаларының белді мамандарын ортақ алаңға жинап, еліміздің соңғы үш онжылдық ішінде түрлі салаларда қол жеткізген жетістіктерін саралау, қазіргі мәселелер мен болашақта жасалуы қажет бастамалар туралы ой-пікір алмасу болды.
Осы орайда, т.ғ.д., профессор, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Оразгүл Мухатова, ф.ғ.д., доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Рамазан, саясаттанушы Расул Жұмалы және з.ғ.к., СДУ, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Алмас Жұмағали өз көзқарастарымен бөлісіп, тыңдаушылардың сауалдарына жауап берді.