Білімгерлер үшін маңызды ақпарат

Білімгерлер үшін маңызды ақпарат

Құрметті білімгерлер!
Елімізде орын алған оқиғалар бәріміздің көңілімізге қаяу салып отырғаны анық.
Осы жағдайда баршаңызды мемлекетіміздің, егемен еліміздің ертеңі үшін сабырлық сақтап, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі мен бастамаларын қолдауымыз маңызды екенін ескергеніміз жөн.

Осы орайда, келесі семестрге қатысты ақпаратпен бөліскеніміз жөн.

Студент, магистрант және докторанттардың 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестірінің пәндеріне интранетте тіркелуі (course registration for students Bach/Mast/PhD) қатысты:

15.01.2022-24.01.2022 күндері аралығында 4 курс және 3 курс қысқартылған білім беру бағдарламаларының студенттері мен 2 курс магистрант пен 3 курс докторанттар тіркеледі.
17.01.2022-24.01.2022 күндері аралығында 3 курс және 2 курс қысқартылған білім беру бағдарламаларының студенттері мен 2 курс докторанттар тіркеледі.
19.01.2022-24.01.2022 күндері аралығында 1- курс студенттері (қысқартылған білім беру бағдарламаларын қоса) 2 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар тіркеледі

Қайта тапсыруға (FX) портал арқылы өтініш білдіру кезеңі : 25.01.2022-27.01.2022

Төлемақы бойынша қысқаша ақпарат

Академиялық күнтізбе бойынша көктемгі семестірге тіркеу уақыты 15-ші қаңтардан басталатын болғандықтан, төлемақы бүгіннен бастап қабылданады. Қазіргі уақытта Каспий және Халық банк қосымшаларында төлемақы іске қосылып тұр.
Төлемақыларыңыз төлеген күнмен есептегенде 3 жұмыс күн ішінде порталға түседі.
Қаржылық жағдайға байланысты оқу төлемақысын төлей алмайтын студенттерге бөліп төлеу (кепілдік міндеттеме) өтінішін қабылдаймыз. Кепілдік міндеттеме өтінішін толтыру үшін accounting@sdu.edu.kz электронды почтасына өтініш жазуларыңызға болады.
Бөліп төлеу өтінішін қабылдау уақыты 10/01-15/01/2022ж.

Теоретикалық оқытудың (сабақтардың) басталуы: 24.01.2022

Осынау қиындықты бірге еңсеріп, амандықта жүздесетінімізге сенемімдіміз!

11.01.2022

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: