Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл Университетіміз үшін ерекше болды, себебі, осы аралықта IAAR аккредиттеуі, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген сүйікті Университетіміздің 25 жылдық мерейойы, СДУ кампусының 10 жылдығы, ICECCO 2021 және т.б маңызды күндер мен іс-шараларды атап өттік. Сіздер үшін де өткен 2021 жыл жүрекке жылулық сыйлайтын қуанышты сәттерге толы болғанына сенімдімін.
Жаңа жыл – адамдарды жақындастыратын, отбасы мен туған-туыстық қарым-қатынасты жақындататын ерекше мейрам, сол себепті сіздерге бұл кешті жақын жандарыңыздың жанында, оларға деген ерекше көңіліңізді білдіре отырып қарсы алуды тілеймін.
Жаңа жылда өз потенциалыңызды толығымен ашуды, барлық тілектеріңіздің орындалуын сонымен қатар, өмірден барынша ләззат алып жеңістер мен жеңілістерді теңдей қабылдауды тілеймін.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Құрметпен,
СДУ ректоры Давронжон Гаипов.
30.12.2021