2021 жылдың 21 желтоқсанында Сулейман Демирель Университеті “ALLVET ЖОБАСЫ: ТжКБ жүйесінде Болон процессін енгізудің ерекшеліктері мен шешімдері” атты халықаралық виртуалды конференция өткізді. Конференцияның мақсаты ALLVET жобасы аясында ТжКБ жүйесінде Болон үдерісі қағидаттарын енгізудегі өзекті мәселелер мен шешімдерді талқылау болды. Конференция Еуропалық Комиссияның ERASMUS+ жобасы аясында “Болон процесінің қағидаларына сәйкес келетін, оқытушылардың әлеуетін арттыруға негізделген кәсіптік білім мен жоғары кәсіптік білімнің өзара әрекеттесу жүйесін құру”609952-EPP-1-2019-1-RS-EPPKA2-CBHE-JP (ALLVET) өткізілді.
Конференияға кафедралардың меңгерушілері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары және ТжКБ жүйесінің қызметкерлері мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жас зеріттеушілер қатысты. Жалпы конференцияға 60-қа жуық қатысушы тіркелді. 13 баяндама тындалды. Баяндамалар педагогика бойынша, сондай-ақ ALLVET-ті өз оқу орындарында жүзеге асыруға бойынша болды. Конференцияға қатысушылар Болон процесіне көшу тәжірибесімен бөлісті.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі Еуропалық сынақ бірліктерін көшіру және жинақтау жүйесінің (ECTS) нормаларына және орта кәсіптік білім беру оқытушыларын даярлауға арналған Тюнинг әдіснамасына сәйкес білім беру модульдерін әзірлеу бойынша сарапшылар тобын дайындау болып табылады.
Қазіргі уақытта Деусто Университетінің (Бильбао, Испания) жобаның “Даму” жұмыс пакеті жетекшілері қазақстандық және ресейлік партнерлар үшін “ECTS және Тюнинг жүйесін зерттеу бойынша біліктілікті арттырудың 10 модульдік бағдарламасын әзірлеу” тақырыбында онлайн-семинарлар өткізуде. Техникалық және кәсіптік білім беру өкілдері арасында осы оқытуды (“ECTS және Тюнинг жүйесін зерттеу бойынша біліктілікті арттырудың 10 модульдік бағдарламасын әзірлеу”) пилоттық тестілеу өткізбес бұрын, біздің жоба зерттеушілері оқытуды игеріп, тиісті біліктілікке ие болуы керек, сонымен қатар сертификатталған болуы керек. Бұл кезеңде жоба зерттеушілері тапсырмаларды орындап және өз жұмыстарын Мудл платформасына жүктейді. Пилоттық тестілеу келесі жылға жоспарланған. Сулейман Демирель Университетінен жобаның зерттеушілері – Дияр Нұрметов, Салтанат Кәрімсаттар, Аида Ерғалиева, Дмитрий Черкасов және Ұлжан Оразалиева.
21.12.2021