Сулейман Демирель атындағы Университетке Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы арнайы қонаққа келді. Атырау өңірінен келген қонақты СДУ ректоры Давронжон Гаипов бастаған басшылық құрам қарсы алып, жоспарланған бағдарлама бойынша таныстыру жұмыстарын жүргізді. Қонақтар Университетіміздің ғылыми кітапханасын аралап, кампустағы студенттер үшін жасалған жағдаймен танысты.
Сонымен қатар, Гүлзада Тәңірбергенқызы мен СДУ басшылық құрамы арасында ой-пікір алмасып, екі университетте оқытылатын білім бағдарламалары, профессорлық оқытушылық құрам жұмысының маңыздылығы, IT бағытындағы болашақ жобалар, халықаралық серіктестік бағытында бірлесіп жұмыс жасау және осы салалардағы болашақ серіктестік туралы сөз қозғалды.
20.12.2021