• ЖАҢАЛЫҚТАР 06.03.2023-12.03.2023 00:00

SDU Radio

ERASMUS ALLVET оқу бағдарламаларын әзірлеу семинарлары өтуде

  • ЖАҢАЛЫҚТАР 06.03.2023-12.03.2023 00:00

ERASMUS ALLVET оқу бағдарламаларын әзірлеу семинарлары өтуде

Еуропалық Комиссияның ERASMUS+ жобасы аясында “Болон процесінің қағидаларына сәйкес келетін, оқытушылардың әлеуетін арттыруға негізделген кәсіптік білім мен жоғары кәсіптік білімнің өзара әрекеттесу жүйесін құру” ALLVET семинарлары техникалық және кәсіптік білім беру мұғалімдеріне арналған ECTS оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша ALLVET жобасының зерттеуші оқытушыларына білім беруді жалғастыруда. 2021 жылдың 6 қазанынан 12 желтоқсанына дейін Деусто университетінің мамандары барлық серіктес университеттердің зерттеушілер үшін “ECTS/Tuning бағдарламасының 10 модульдік оқу бағдарламасын әзірлеу”тақырыбында онлайн-семинарлар сериясын өткізді. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі ТжКБ жүйесіне Болон процесінің құзыреттілік тәсілі мен қағидаттарын енгізудің еуропалық әдіснамасын және оның қазақстандық және ресейлік болмысқа оңтайлы бейімделуін талқылау үшін алаң құру болып табылады. Бағдарламада барлығы 10 модуль бар, оларды техникалық және кәсіптік білім беру өкілдері арасында түпкілікті оқу бағдарламасын пилоттық енгізуге дейін қамту қажет. Қазіргі уақытта жоба зерттеушілері 6-модульде жұмыс істеп жатыр.

  1. Оқу бағдарламаларын құру (А бөлігі)
  2. Профильді құру (В бөлігі)
  3. Профильді құру (C бөлігі)
  4. Пәндік құзыреттіліктерді анықтау
  5. Мүдделі тараптармен консультациялар
  6. ECTS (емтихандар)
  7. Шеберлік деңгейлері, көрсеткіштер және біліктілікті дамыту дескрипторлары
  8. ECTS енгізу
  9. Білім беру бағдарламаларының бейіндерін қалыптастыру
  10. Жұмысқа орналасу және одан әрі оқу мүмкіндігі

29 қарашада, 2021 ж. Қазақстандық консорциум мүшелері (СДУ, ХАТУ, НУ) Нархоз университетінде ағымдағы міндеттерді орындау, сондай-ақ бағдарламаны әзірлеудің келесі қадамдарын талқылау үшін кездесті. Сулейман Демирель атындағы университетінің жоба зерттеушілері Нұрметов Дияр, Кәрімсаттар Салтанат, Ерғалиева Аида, Черкасов Дмитрий және Уразалиева Ұлжан. Деусто университетінің өкілдері ALLVET жобасының зерттеушілерін онлайн оқытуды жалғастыруда.

15.12.2021

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat
Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: